06.06.2022
  134


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Мен ішсем де табылам ғой ертеңнен...

Мен ішсем де табылам ғой ертеңнен,
Сері болдым сезінгеннен мұны ішім.
Екі күнде бір шығады желкемнен
Жұрт құрметі. Бүйткен арақ құрысын.
Қайран күндер!.. Қазан аузы жоғары.
Жан-жағымнан кетпегенмен гүл қаптап.
Жоңғарда да мендей ақын жоқ әлі,
Құлжабайдай бақташы да жүр мақтап.
Пікіріне түкірмеймін мен елдің,
Күйші болып шалқи алам әр үйде.
Орысша өлең жазуға да шебермін,
Орысша сәл әндеткен соң, әрине.
Жыр байытып қазақта бар мұрамен,
Жаңа арманға қол созармын таң атса.
Мысырдың да қыздарына ұнар ем,
Ләйләға сөз айта алмадым арабша.





Пікір жазу