06.06.2022
  137


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Ешкімге мұндай мінез берілмеген...

Ешкімге мұндай мінез берілмеген,
Күнім ең көптен бері көрінбеген.
Ойымда ештеме жоқ, домбыра ойнап
Жатыр ем нағашымның төрінде мен.
Үстіне артылған соң дара білек,
Шанақта бір оқшау күй барады үдеп.
Төр. Бөлме. Бір кездері әжем кірді
Бесінім қаза болып барады деп.
Мұратқа соныменен жетті ме екен,
Бір тілде күбірлеп ап кетті бөтен.
Селк еттім. Не деп кетті? Сөйтсем әжем:
«Ләйлә, илло-алла»... деп тұр екен.
Онсыз да жойылса да саны аз күнә,
Сүреге ұйи қалды сабаз мына.
... Өлең не? Ішінде атың бар болған соң,
Оқығым кеп жүр менің намазды да.





Пікір жазу