06.06.2022
  119


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Қаншама арман болса елде...

Қаншама арман болса елде,
Соншама маған өптіргін.
Қай күні, қашан келсең де,
Күтіп жүр мені деп білгін.
Түсінбес жәйім әлі бұл,
Жүректің жықпыл орманы.
Сұлусың маған бәрібір,
Сүйегің келсе болғаны.
Жаныма кенет жеткен бақ,
Жалғыз-ақ сені көргенде.
Жанарың бір жалт еткенде-ақ,
Жалғызсың дегем сен менде.





Пікір жазу