06.06.2022
96
Айтамын жанның басқа әнін....
«Айтамын жанның басқа әнін, –
дедім де, – үміт жоқ енді», –
Ыза боп отқа тастадым,
Өзіңе жазған өлеңді.
Қағазды баурап алды да,
Жалын кеп шеттен қармады.
Қалғаны түгел жанды да,
Бес әріп бар тұс жанбады.
Сарғыштау дақ бар бетінде,
Сол үшін өртпен дүрдараз,
Ошақтың қалды шетінде
«Ләйлә» деп құйттай бір қағаз.
Жұлып кеп алдым ойланбай,
Аз болар бұл сәт ой да тым.
Жүректен өшпей қойғандай,
Отқа да жанбай қойды атың.