06.06.2022
  139


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Айтқызбай қоймады ғой мұны ұятым...

Айтқызбай қоймады ғой мұны ұятым,
Күш те жоқ сыр бүгіп қап, жымиятын.
Жаным, сен – ақ кітапсың екі мың жыл,
Толғанып тудыра алған Дүние – ақын.
Түрім жоқ мағынаңа, сірә, қанар,
Тек сені төбесіне шығарады ар.
Кітапсың, бастан-аяқ жаттай алсам,
Мені де кемеңгер ғып шығара алар.
Көрді өмір кейітіп те, сорлатып та,
Қойыным көзден ағар толды ақыққа.
Мен қашан мұқабаңды ашам сенің,
Мен қашан кенелемін сол бақытқа?!!





Пікір жазу