06.06.2022
128
Буыны мысқал мұңнан босай қалар...
Буыны мысқал мұңнан босай қалар,
Шақырып құдіретімді осы айда бар,
Берейін дастан жазып – оқығанның,
Ғашығын сүйген жанша басы айналар –
Сүйер ме екенсің сен мені,
Сүйер ме екенсің сен мені?!
Шақырып дос болатын жау да өш тегі,
Қайыра даттамайтын зәуде еш мені,
Пернені төбе бише сөйлететін,
Болайын күйшінің де дәулескері –
Сүйер ме екенсің сен мені,
Сүйер ме екенсің сен мені?!
Содан соң көрмеу үшін жаманшылық,
Ақ жолмен ақталар боп жаралса үміт,
Өзіңе айналайын, ми, денеммен,
Кетейін болмысыммен саған сіңіп –
Сүйетін болсаң сен мені,
Сүйетін болсаң сен мені!