06.06.2022
  99


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Джоконда туралы енді кештерде...

Джоконда туралы енді кештерде,
Ғайбат сөзін айта алмайды еш пенде.
Сөздерден де ол, көздерден де ол жоғары,
Жоғары енді ол – ақылдан да, естен де.
Оның сонау сүттей аппақ жамалын,
Жаңа ұрпаққа көрсетеді жаңа күн.
Джоконда миығында – жымиыс,
Қарайды енді ол басқа арулар заманын.
Ой түсірген Суретшіге, Ләйлә, ана,
Джоконда – Джоконда қайда да,
Бірақ енді ол сен секілді қуанып,
Енді ешқашан қаранбайды айнаға.
Жаным, Ләйлә, мендегі осы жыр үшін,
Әзір аман, әзір саусың, тірісің.
Артық одан – сенің қасың, көзің де,
Артық одан – жымиысың, күлісің.
Сен – артықсың!
Болдым бірақ мен сорлы.
Сол сорлылық көтертпейді еңсемді.
Суретші боп жаралмадым, бейнеңді
жазар едім дәрменіммен ең соңғы!
Сен – артықсың!
Оған мына таң куә,
Бірақ басқа амал сенде қалды ма?!
Сенің ұлы Суретшің жоқ, сондықтан
барарсың бір фотограф алдына.
Ауып саған фотограф көңілі,
«Дайындал» деп көрсеткенде қолы, ымы,
Білмейді ғой суретші боп тұрғанын,
Суретші боп тұрғандығын ең ұлы!





Пікір жазу