06.06.2022
  150


Автор: Әбжан Әбілтай

Мені ойшы мен өлмеймін...

Мені ойшы мен өлмеймін,
Мен өнем.
Келеді әлі немерем мен шөберем.
Еңіретіп мен кеткенмен елімді,
Ең құрғанда аман болшы сен, Өлең!
Басым кессең, жалған айтар мен
емен.
Аулақ болшы жала,
басқа бәледен.
Демім бітіп баратқанда демеген
Аман болшы, айналайын, сен, Өлең!
Екеуміз де тудық жақсы енеден,
Қай құдірет?
Кім бар бізді елеген?
«Тұр, Әбжан» деп
тағы да бір күш берші,
Түсіп қалмай тұрғанымда кемеден.





Пікір жазу