06.06.2022
  111


Автор: Әбжан Әбілтай

Бақытқа

Бақыт, сен не білесің?
Не білесің?
Кетті деп жыламаймын мен үлесім.
Жыласам, жылаймын мен
Бұл дүниенің
Жексұрын мінезінен жерігесін.
Өлеңнен басқа бақтан байымаған
Өз сырым өзгеге емес, өзіме аян.
Жұбаттым өзімді өзім, қайтем енді,
Көрдім де сені Құртқа, сені Баян.
Серт деген, сенім деген, солай,
жаным.
Қалаймын мен солардың
молайғанын.
Қызғана берме мені сол қатыннан,
Тіпті де басқа менің ой, арманым.
Сенбе оған.
Қарағанмен жұрт ынтығып,
Киноның аты кино.
Бір күндік, ұқ.
Мені ме?
Мені қойшы, қозғалмаймын,
Келгенше бір «данышпан» мұртын
қырып.





Пікір жазу