06.06.2022
95
Айналайын, айтқам саған бұрын да...
Айналайын, айтқам саған бұрын да,
Көңіл ауған көрінгенге ұрынба.
Не бар дейсің әркім сүйген әйелде,
Не жетеді сәл күнсіген бұрымға!
Досыммен дауласпадым бетке келіп,
Жігіттің сырттанымын сертке берік.
Елірген ерген жоқпын ешбір топқа,
Көрінген көрген жоқпын көттен
еріп.
Тексізге тексізсің деп тіл қатқам жоқ
Әуелден ар-ұяты кеткен өліп.
... Жетпіске жеттім жарау
желіспенен,
Болдыртып, енді түстім еңіске мен.
Жеңсік ас, жеміс те жоқ мен
татпаған,
У да жоқ, уыз да жоқ мен ішпеген.
Кейпіммен көпті көрген көне түрік,
Орнымнан опырылсам өре тұрып.
Бәріне айтқанымның сене берме,
Бірақ та соның бәрі деме өтірік.
Жетеді жанын отқа жаныған жан,
Көреді көкірегінде нәрі бар жан.
Демеймін айтқанымның бәрі
маржан.
Демеймін айтқанымның бәрі де
арзан.