06.06.2022
  119


Автор: Әбжан Әбілтай

Мен емес «осы жаман керек-аулап»,

Мен емес «осы жаман керек-аулап»,
Мен емес есіркейтін «бөлем-аулап».
Жаныңда жақсылықтың жұрнағы
жоқ,
Жарқыным, жүргенің жөн менен
аулақ.
Мен, рас, жарылқаған бақ-тәңірім,
Жарылар жалын тисе оқ-дәрімін.
Бықсықты көзді ашытып үрлей
бермей,
Отыңды ошағыңда, сақта, күнім.
Қарағым, біз де келдік бірер жасқа,
Әлі де аз ғұмыр бар сүрер баста.
Аспаннан түскендей боп, аңқаусыма,
Біз көрген ол ел басқа, бұл ел басқа.
Қарағым, біз де келдік бірер жасқа,
Бұл күнде айқай басқа, сүрен басқа.
А десең болды, аспанға алып ұшар
Кермеде керулі тұр күреңқасқа.





Пікір жазу