Мен соқырмын.
Мен соқырмын.
Маған енді бәрібір.
Отан да – нұр, қотан да – нұр.
Бәрі – нұр.
Құдай берген қалқаламай нұрымды,
Құдай үшін,
әрі тұршы, жарығыр!
Білу қайда қасиетті, обалды,
Ең тәуірім қолды болды, тоналды.
Сұрқай жүзім сол баяғы сүреңсіз.
«Нұрланбаған» не қалды?!
Ағайын-ау, ойласаңшы бір мезет.
Арамзалар мылтықтарын тұр кезеп,
Бұл неғылған жауабы жоқ нұржұмақ,
Нұр бірдеңе, нұр бәленше, «нұр кz»!
Қайсың барсың?
Айыптайын әй, кімді?!
Ел едің ғой, ерге мінген айбынды.
Қазақ деген қуатты сөз қамығып,
Нұр деген сөз қуатынан айрылды.
Тілім біті,
Қашанғы енді қор болам,
Бұл қорлықты көргенше сен өл,
Далам.
Күнің құрсын сол жыраулар
толғаған,
Сорлы ақының мен болайын
сорлаған.
Орысшадан енді келіп безініп,
Ағылшынша...
Керек еді сол маған!
Бұл бір сұмдық ешбір елде
болмаған,
Осы саған ақырзаман орнаған!