meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  176


Автор: Асқарбек Бектемісов

Суытпайық жып-жылы жүректерді

Ізгілік пенделерге әдемі өң береді,
Жылытып қандай да тоң денені.
Жүректердің суымайтын жылуы ғой,
Бұл жалғанда адамдарға ең керегі!
Жүрегім жандарға ізгі суымаған,
Жылпостарға әуелден-ақ жуымағам.
Арлы адамдар қашанда аман жүрсін,
Дем береді желбіреткен туы маған.
Қабыл алып ақ тілеу тілектерді,
Жасағаным жақсылығын күреп берді.
Күрмеуге келмейтін қысқа өмірде,
Суытпайық жып-жылы жүректерді.





Пікір жазу