06.06.2022
305
Асқар таудай ағама!
Аспаның ашық, тойың құтты болсын,
Қаламыңа құт, үйіңе Қыдыр қонсын.
Майя жеңгем екеуің бақытты өмір сүріп,
Жүрегің қуанышпен, нұрға толсын.
Міне бүгін алпысың – тал түсің, туған күнің,
Шын жүректен құттықтайды туған інің.
Айығып кет тезірек сырқатыңнан,
Тағы да алпыс жаса, тілек осы мына біздің.
Өзіңдей аға таппаспын, араласам ғаламшарын,
Түсімде көрдім, әкемнің қаламсабын.
Тегіміз бір, ойда өлең, бойда дарын,
Өлеңіңе сыйғыза бер, бұл өмірдің адамдарын.
Үлкеннен үйрен деген даналарым,
Өзіңді аға, ақылшым деп бағаладым.
Ғасыр жаса, жан аға, ғасыр жаса,
Аманатын арқалаған бабалардың.