meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  204


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Көкірегі күйлі өмір, шерлі өмір...

Көкірегі күйлі өмір, шерлі өмір,
Сенде өсіп солып жатыр сенде гүл.
Соның бәрін енді-енді түсіндім,
Ақымақпын, ақымақпын мен де бір.
Ойлаппын ба жанған шырақ өшер деп,
Қонған бақыт бұлт құсап көшер деп.
Соның бәрін енді-енді ойлаған,
Ойламаймын мені де өмір кешер деп.





Пікір жазу