06.06.2022
200
Қарап жатып енді міне шаршадым...
Қарап жатып енді міне шаршадым,
Күш-қуатым бойымдағы қаншалық.
Көшедегі жасты көріп желіккен,
Қарай берем, қарай берем тамсанып.
Іштей мұңлы ыңыранып ән салып,
Әлде жылап отырмын ба, кім білсін,
Өткен шақтың елестерін қарсы алып.