06.06.2022
687
Адам боп келдім өмірге...
Адам боп келдім өмірге,
Адам ғып өткіз, Тәңірім.
Болады екі ғаламда,
Өзіңнің еткен әмірің.
Көрсете көрме біреудің,
Қорлығы менен зәбірін.
Тілегім, Тәңір, бір сенен,
Кетпесін бедел, кәдірім.