06.06.2022
  162


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Әлемнің алып есігін айқара ашып келіппін

Әлемнің алып есігін айқара ашып келіппін
Келіппін саған, дүние,
Келгім де, бәлкім, жоқ па екен, шар ете түстім
қорыққаннан
Қабағым тастай түйіле.
Шырылдап бәлкім жаттым ба келгенде саған күйіне,
Түстім-ау деп тағдырдың талқысы мен иіне.
Шырылдап бәлкім жаттым ба келгенде саған сүйіне,
Келдім деп саған, келдім деп дариға дархан дүние.
Жап-жарық екен төңірек, нұрлы екен жүзі көктің де,
Ынтызар еттің еріксіз соңыңнан мені ерттің де.
Көбелек қуып, гүл теріп, кер дала төсін шарладым,
Маужырап тұрған дүние-ай, көркіңе сенің елттім де.





Пікір жазу