06.06.2022
335
ДОС ЖЫЛАТЫП АЙТАДЫ
Дос жылатып айтады жаны ашып,
«Жүрмесін» деп орынсыз асып-тасып.
Дұшпан мақтап күлдіріп, бүлдіреді,
«Жер қапсын» деп, жер болып бетін басып.
Дос пен қастың білмеген айырмасын,
Білер бір күн қанаты қайырылғанын.
Алла сүйген пендесін құлым десе,
Абыройдан сол құлын айырмасын.