06.06.2022
218
АЙТАР СӨЗДІ ҰҒУҒА САНА КЕРЕК
Айтар сөзді ұғуға сана керек,
Айтпасаң да сезеді дана зерек.
Ақыл айтып арыма ақымаққа,
Ақымақ боп өлгенше қала бермек.
Түсініксіз, түйсіксіз пенделерге,
Келесау боп көрінер өңгелер де.
Құдай баста кеміс қып жаратқан соң,
Ми құйсаң да мың рет жөнделер ме?