meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  315


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АДАЛДЫҚҚА СҮЙІНДІМ

Адалдыққа сүйіндім,
Арамдыққа күйіндім.
Жақсылыққа иілдім,
Жамандыққа шүйілдім.
Ортасында орным бар,
Алашқа ортақ жиынның.
Сұрамай кел, ағайын,
Хал-жағдайын күйімнің.
Дастарқаны жиылмас,
Қыдыр қонған үйімнің.
Не көрсем де шүкір деп
Бір Аллаға сүйіндім.





Пікір жазу