06.06.2022
179
ЛАУЛАП ЖАНЫП ЖҮРГЕНДЕ
Лаулап жанып жүргенде,
Заулап өмір өтіпті.
Көктемім де, жазым да,
Көзден ұшып кетіпті.
Күпті етіп көңілді,
Күңірентіп күз келіп.
Аяз тақап ақ шұнақ,
Сықырлатты есікті.