06.06.2022
123
ЕДІЛ БАБА, ТҰМАР АНА ҰРПАҒЫ
Еділ баба,
Тұмар ана ұрпағы.
Атты арайлап,
Тәуелсіздік нұр таңы.
Ата-баба,
Ерлік жолын паш етер,
Бар әлемге,
Замананың бұл шағы.
Тәлімі жоқ,
Тас мүсінге табынып,
Өтті халық,
Іштей тынып қамығып.
Еділ баба,
Тұмар ана дидары,
Жатыр әлі,
Жеті қат жер жамылып.
Тау басынан,
Арнайы алаң жасатып,
Нар тұлғасын,
Мәрмар тастан қашатып,
Қояр болсақ,
Ұлы Баба,
Ұлы Анаға ескерткіш,
Әлемдік
Бар ғажайып осы артық.
Түбі текті,
Түркі деген халықтың,
Құдіретін
Осылай-ақ танытқын.
Қаратау мен
Алатаудың басына
Нар мүсінін
Қойып екі алыптың.