06.06.2022
  121


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАМАНҒА – МАЛ, ЖАЛ БІТЕР ЖАМАН АТҚА

Жаманға – мал, жал бітер жаман атқа,
Жалды деп жаман атты тағалатпа.
«Жаманға мал бітті» деп желіктіріп,
Тектіге тексіз итті абалатпа.
Тағалы ат тепсе біреу мерт болады,
Тексіздің жүрген жері өрт болады.
Тағалы сирақ бір күн итке жем боп,
Малғұнның малы өзіне дерт болады.





Пікір жазу