06.06.2022
163
Арсыздық, ойсыз озбырлық...
Арсыздық, ойсыз озбырлық,
Аздырып адам баласын.
Жыртқыштай қанын қоздырып,
Тұмшалар саңылау санасын.
Айырмай обал сауапты,
Көрсетіп топас мінезін.
Сәлемге бермей жауапты,
«Құдірет» көрер бір өзің.