meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  156


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Өзектегі өртім қойды-ау басылмай...

Өзектегі өртім қойды-ау басылмай,
Кейде отырам қас-қабағым ашылмай.
Тұңғиыққа түпсіз сүңгіп кетемін,
Метеориттің ағып түскен тасындай.
Кейде көңілім шексіз ғалам секілді,
Көк аспандай керіп жатам төсімді.
Жұбатқандай, жарылқағандай боламын,
Әлемдегі барлық жетім-жесірді.





Пікір жазу