06.06.2022
  108


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Кім көрді «ақылым кем» дегендерді...

Кім көрді «ақылым кем» дегендерді,
Ақымақ әжуа етер кемеңгерді.
Саяз су сарқыраған көзге түсіп,
Көрмейміз тұнып аққан тереңдерді.
Әркім жүр өз басына разы болып,
Көрінбек ту ұстамақ тұлға болып.
Иттер де арыстан боп шартық қошқар,
Өзінше мекіренер құлжа болып.
Тылсым ғалам сырыңа таңғаламын,
Сұңқарлары неге аз сар даламның.
Қайда барсам қоқсықта қоқиланған
Есебі жоқ құзғын мен қарғалардың.





Пікір жазу