06.06.2022
  136


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АҚЫЛДЫ АДАМ БАҚЫТТЫ

Ақылды адам бақытты деген Құран-Кәрімде,
Ашу – араз, ақыл – дос, ақылға кел бәрің де.
Жаманшылық біреуге ойлар болсаң Алланың,
Ұшырайсың құтқармас қаһарына, кәріне.
Адам деген ардақты ат, арыңа дақ жұқтырма,
«Жарлық, билік қолда» деп, әлсіздерді бұқтырма.
Ер қорласаң тыштырар, ас қорласаң құстырар,
«Ұлық болсаң, кішік бол» деген сөзді ұқтың ба?





Пікір жазу