06.06.2022
  97


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Атыңнан айналайын, Алла деймін...

Атыңнан айналайын, Алла деймін,
Алласыз бұл тіршілік бар ма деймін.
Ғаламның он сегіз мың егесіне,
Ешбірің жалбарынбай қалма деймін.
Шек бар ма Алла берген кеңшілікте,
Шек бар ма нәсібе мен теңшілікте.
Күнәкәр мунафикте пенделері,
Жол берген арам, зауал кемшілікке.





Пікір жазу