06.06.2022
192
ШЫБЫЛ БАЛАЛАРЫНА
Тарадық бір атаның кіндігінен,
Бөлемін «бөтенсің» деп кімді-кімнен.
Шыбылдың ұрпағының арасында,
Атанған жалғыз ақын түңлігі мен.
Мен үшін бірің аға, бірің іні,
Құрысын қу дүние қолдың кірі.
Бәрің де бауырымсың бірге туған,
Болсаң да бірің майда, бірің ірі.