meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  149


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ...

Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ,
Армандап мейірім шөлім қанған да жоқ.
Тойымсыз құзғын құлқын шоқымаған,
Жалғанда өлексе де қалған да жоқ.
Айырылып ұятынан, иманынан,
Не опа шегер адам жиғанынан.
Шалқыған күннің бәрі қараң батар,
Келмеген теңіз суы сирағыңнан.





Пікір жазу