meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  172


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Барыс жылы наурыздың бесінші жұлдызы...

Барыс жылы наурыздың бесінші жұлдызы,
Бусанған шақта түрленіп жусан-қырмызы.
Өмірге келдім, өмірге келер бұл шақта,
Жүрегі шуақ Алланың сүйген ұл-қызы.
Өмірге кеппін өзгеше сазды сезіммен,
Тербетпей таңды күнім жоқ менің көз ілген.
Ана-өмір, сені жанымнан артық көрем деп;
Суынып бара жатқандай болам өзімнен.
Жылытар мені суынсам ыстық құшағың,
Бесігің дайын перзенттеріңе үш адым.
Ана-өмір, сені сүюім шексіз бітпейді,
Мәңгі сен мені, мен сені мәңгі құшамын.





Пікір жазу