06.06.2022
116
Қарасөздің қалтасы қалың болар...
Қарасөздің қалтасы қалың болар,
Қалың жерде демеймін наным болар.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Алтын арай ақ сәуле таңың болар.
Ақын болдым, мың шүкір, арманым жоқ,
Арманым жоқ, қатардан қалғаным жоқ.
Алла берген теңдессіз атағым бар,
Атақ сұрап ешкімге барғаным жоқ.
Маған берген Алланың сыйы өзге,
Сыйғыза алсам сыйлығын айтар сөзге.
Жарқылдаған жанымда жыр ұшқыны,
Жасын болып атылар көрер көзге.