meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  159


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Беймарал туған жердің даласында...

Беймарал туған жердің даласында,
Бұлдырай ақ сағымның арасында.
Күнара әжеме еріп, жусан теріп,
Қайтушы ем сәске түстің шамасында.
Бозторғай шырқау көкте шырылдаған,
Даламның дарытыпты жырын маған.
Тұратын сөзіме әжем еміреніп,
Секілді мамабие құлындаған.
Келе сап, солқылдатып түйіп келі,
Бұрқырап кебек жусан иістері.
Әжеммен дән кеусесіп жағаласқан,
Жалған-ай, күндер қандай сүйікті еді.





Пікір жазу