06.06.2022
157
Қайда менің кешегі сыйластарым...
Қайда менің кешегі сыйластарым,
Қайда менің ет-бауыр қимастарым.
Еске түсіп жанымды елжіретіп,
Еңіретті-ау маңдайға сыймастарым.
Көрсетпестен жат мінез, өзге ниетті,
Қамқор болған әкедей жезде кетті.
Жетім бала секілді жаутаңдаған,
Қайран басым бұл күнде кезге жетті.