06.06.2022
  187


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Амандық бер, бір Алла, балаларға...

Амандық бер, бір Алла, балаларға,
Қайғы салма ата мен аналарға.
Байлық, бақыт, кедейлік кемдік емес,
Тойсам тоба қара су, қара нанға.
Денсаулығым – байлығым басымдағы,
Көзім нұры, балаларым қасымдағы.
Кемпірім де көрінер Қыз Жібектей,
Жауқазыным болған соң жасымдағы.





Пікір жазу