meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  126


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖҰМБАҚ ЖАН

Қызықсың-ау, ақындар, қызықсын-ау,
Қызып кетсе, қияңқы, бұзықсың-ау.
Бірақ қимай жауды да жамандыққа,
Шақырасың арамды адамдыққа.
Жылағанмен қосылып жылап бірге,
Қартаясың қайғырып бір-ақ күнде.
Қуанышқа жүрегің жалау болып,
Кетесің-ау бір сәтте алау болып.
Бар сырыңды ортаға жайып салып,
Кейде бұдан қаласың айыпталып.





Пікір жазу