06.06.2022
155
![](/uploads/shorttexts/author_image/e5d8a214a0fcb90ea6a2a71cdb2245bb.jpg)
Өресі биік жартас ем, өсекшілерден үгілдім...
Өресі биік жартас ем, өсекшілерден үгілдім,
Қайғысын қара халықтың көтере алмай бүгілдім.
Адамдар түгіл аңды да дос етпек едім тіл тапсам,
Есеппен ғана дос болған есерсоқтардан түңілдім.
Жақсылық қайтпай жасаған, тас атты талай тасадан,
«Күнәсін кеш» деп құлыңның, Аллаға тағы жүгіндім.