06.06.2022
161
Қызықтырмас ешкімнің дәулеті де...
Қызықтырмас ешкімнің дәулеті де,
Қызықпадым салтанат сәулетіне.
Амандығын тілеймін Адамзаттың,
Аманшылық бере гөр Әулетіме.
Шүкіршілік Алланың бергеніне,
Атқан таң, шыққан күнді көргеніме.
Сұғанақ, қанағатсыз, тойымы жоқ,
«Тәубе» деймін нәпсімді жеңгеніме.