meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  168


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Ысқылай берсең мысың да...

Ысқылай берсең мысың да,
Алтындай болып жарқырар.
Бірақ та алтын емес қой.
Селдете сел де сарқырар,
Сарқырар да тартылар,
Тербелген теңіз емес қой.
Кімнен кім дейсің артылап,
Артылса бір күн сарқылар,
Адамдар Құдай емес қой.





Пікір жазу