meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  130


Автор: Жарылқасын Аманұлы

СӘКЕН ИМАНАСОВҚА

Сәкен ақын, құрдасым, ақындығың ғажайып,
Ғажайыпқа бүгін күн арнап өлең жазайын.
Ақындарға серілік тұрушы еді жарасып,
Серілігің алпыста кеткендей ме азайып?
Екеуміз де, ей, Сәкен, Жетісудың түлегі,
Күркілдеген Келенің едік тарпаң үлегі.
Қайда кеткен тұратын ақындарға жарасып,
Жолбарыстың білегі, арыстанның жүрегі.





Пікір жазу