meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  165


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БЕУ, ДҮНИЕ

Тоқтамас тылсым дүние керуені,
Бұл неткен шетсіз-шексіз шеру еді.
Бұл шеру адамзаттың ұрпағының,
Өмірден өтуі мен келуі еді.
Келеміз керуендер арасында,
Алланың мейірімі мол панасында.
Бірге өскен құлынынан қимастарым,
Азайып күннен-күнге барасың ба?
Дүние керуені маң-маң басқан,
Өткерген сансыз ғасыр заман бастан.
Жаңғырып жанды-жансыз жатыр әлем,
Міз бақпай қалпында тұр жер мен аспан.





Пікір жазу