06.06.2022
  106


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚҰРТҚА БАБАМА

Жатқан жерің жаннаттай әуе теңіз,
Жан ауырса рухынды сәуе етеміз.
Өзің ғана үш жүздің бас тәуібі,
Құртқа бабам, басыңа тәу етеміз.
Ғұмыр кештің екі адам ғұмырындай,
Болды ма екен қазақтың ұлы мұндай.
Басын иіп келіп тұр ұрпақтарың,
Артта қалған асылдың сынығындай,
Тазалықтың мөп-мөлдір тұнығындай.
Келді мұнда батыр да, ақының да,
Көкбөрілер бұлқынған тақымында.
Елді бастап, туды ұстап келе жатыр,
Бір ұлың екі бірдей ғасырыңда.





Пікір жазу