meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  179


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АСАҒАН ЖАНДАЙ АСАРЫН

Асаған жандай асарын,
Жасаған жандай жасарын.
Сүлесоқ, сүле-сапамын,
Тереңге түпсіз батамын.
Оралмас ойлар оралып,
Ортайып кейде жатамын,
Сүлесоқ, сүле-сапамын.
Көңілім бүтінделмеді,
Тағдырым тізгін бермеді.
Талқандап үзіп кермені,
Тарланым жортып желмеді.
Айдыннан ұшқан Аққуым,
Айналып қайта келмеді
Көңілім бүтінделмеді.
Жаным да салқындағандай,
От кеудем алқынбағандай.
Жанардан жаза жібермес,
Жебелер тартылмағандай.
Өткен күн өшкен өрт сынды,
Қиялда жарқылдағандай,
Бәрі де салқындағандай-ай





Пікір жазу