06.06.2022
109
ЖАНЫМНЫҢ ЖАЗЫП ДАЙЫМ ҚҰРЫСТАРЫН
Жанымның жазып дайым құрыстарын,
Сенімен, домбыра, тыныстадым.
Көтеріп көңілімді көкке менің,
Жалғыз сен – жастайымнан ұғысқаным.
Жасымнан өзің едің ұғысқаным,
Шертуге күн ұстармын, түн ұстармын.
Елжіреп ет-бауырым тыңдайыншы,
Қос ішек, мұңды перне дыбыстарын.
Шарлайын айдынымды, шалдығайын,
Қарымды жүзе-жүзе талдырайын.
Мен саған екі келіп еркелемен,
Еркелет, шөлімді бір қандырайын.