meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  173


Автор: Жарылқасын Аманұлы

КҮННЕН-КҮНГЕ БАРАМЫН БА БӨТЕНДЕНІП

Күннен-күнге барамын ба бөтенденіп,
Сыр бердің, сылқым өмір, секемденіп.
Өзіңді өліп-өшіп сүйгендіктен,
Деуші едім «құшағыңда кетем бе еріп?»
Бәрін де салқындықтың сезеді ішім,
Сонда да сен – жырымның өзегісің.
От кеміп өн бойымнан лапылдаған,
Өзгеріп бара жатыр неге түсім.
Қап-қара шаш та міне ағарыпты,
Бұлшық ет о да босап таралыпты.
Сұлудың шым денесін шымырлатқан,
Жігіт ем күні кеше қара мұртты.
Жүрек те байыздапты дүрсілдеген,
Не ләззат табар әлсіз бүлкілменен.
Аңсаттың ауыздықсыз арынынды,
Пайда жоқ сілкігенмен, күрсінгенмен.





Пікір жазу