06.06.2022
  120


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ДҮНИЕНІҢ ЖЫРТЫҒЫ БІР ЖАМАЛАР

Дүниенің жыртығы бір жамалар,
Тек мен емес, солай деген даналар.
«Бақытсызбын» деп айтпағын, бауырым,
Бақ құсы да сені бір күн сағалар.
Дүниенің жыртығы бір жамалар,
Күйсіз – байып, үйсіз – бір күн там алар.
Жыртылмасын, бір жыртылса жүрегің,
Бүтінделмей, өмір бақи қан ағар.
Бүтінделер бірте-бірте кем-кетік,
Тізгін ұстар жетімдер де ер жетіп.
Сағым жортқан сахараға шық тамбас,
Сәті түссе, өтер нөсер селдетіп.
Жаси берме, жыртылмасың жүрегің,
Жүрегіңнің бүтіндігін тілегін.
Бірер күнгі сәтсіздікке шыдамай,
Қарағым-ай, сонша неге жүдедің?





Пікір жазу