06.06.2022
  120


Автор: Жарылқасын Аманұлы

СОНАУ БІР, СОНАУ КЕЛЕР ЗАМАНДАРДА

Сонау бір, сонау келер замандарда,
Ақыл-ой, асып-тасып адамдарда.
Болмастан сараңдар да, надандар да,
Жағымсыз, жарты ауыз сөз таппас ешкім,
Бір-бірін сырттан даттап жамандарға.
Сонау бір, сонау келер замандарда,
Мейірім асып-тасып адамдарда.
Болмастан мансапқор да, амалдар да,
Жамандық, жауыздықтан жұрнақ қалмай,
Жатады шірінді боп табандарда.
Сонау бір, сонау келер замандарда,
Күні өшіп күншілдіктің адамдарда.
Деместен «маған бүркіт, саған қарға»,
Болмайды, жүйріктердің жолын кесіп,
Жармасар шылауына шабандар да.





Пікір жазу