meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  149


Автор: Жарылқасын Аманұлы

МЕЙЛІ, МЕНІ ӨЗДЕРІҢНЕН ТӨМЕН КӨР

Мейлі, мені өздеріңнен төмен көр,
Бұл сөзімді, бірақ бекер демеңдер.
Ұрпақ үшін біздер жүрген мына жол –
Жер бетіне жазып кеткен өлеңдер.
Жақсы жырдай жақсы жолың қала ма?
Осыны ойла, зерек іні, жан аға.
Ұрпақ сыны – әділетті, соңғы сын,
Солар қояр бізге соңғы баға да.





Пікір жазу