06.06.2022
  114


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАҒАМ ДЕМЕ МАҒАН ҚАРА КҮЙЕНІ

Жағам деме маған қара күйені,
Құста – аққу, адамда – ақын киелі.
Аққу исе айдын көлге мойынын,
Ақын басын тек халқына иеді.
Атқан оғым деме маған тиеді.
Адамда – ақын, құста – аққу киелі.
Айдын көлін Аққу сүйсе, Ақынның,
Халқы ғана – сүйенері, сүйері.





Пікір жазу